Ирина Кайратовна» тобының мобилографының неден қайтыс болғаны анықталды

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы “Ирина Кайратовна” тобының 21 жастағы мобилографы өліміне қатысты пікір білдірді.

Өлімге өткір геморрагиялық панкреонекроз себеп болуы мүмкін. Яғни панкреатиттен асқынған ұйқы безі ауруы», – деп мәлімдеді әкімдік.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу деректері екі аптаға дейін жүргізіледі.