Алматыда алты жасар бала шатырдан құлап кетіп, қаза тапты

Алматыда тұрғын үй кешенінде алты жасар бала шатырдан құлап кетіп, қайтыс болды.

Баланың Алматыға Атыраудан келгені белгілі болды. Алматы полиция департаменті оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады.

«2017 жылы туған ұл баланың қазасы бойынша Бостандық ауданы ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі  «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.