Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына және Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Арқаның ән дариясы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтпек

Республика күні қарсаңында «Көкшетау» мәдениет сарайында ақын, әнші, композитор Ақан сері  Қорамсаұлының 180 жылдығына және әнші, композитор, ақын, саяси қуғын–сүргін құрбаны Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған  «Арқаның ән дариясы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауын өткізеді.

Іс-шараның басты мақсаты – кербез Көкше топырағында дүниеге келіп, өнер өрісінің қазақ даласында өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан, тұғыры биік, рухы өршіл Арқа өңірінің ақиық дүлдүлдері – Ақан сері Қорамсаұлы мен Иманжүсіп Құтпанұлының шығармаларын халыққа кеңінен насихаттау.

Іріктеу және қорытынды кезеңдерден тұратын «Арқаның ән дариясы»  дәстүрлі әншілер байқауына республикамыздың әр өңірінен 25 пен 45 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатысады.

Қазылар алқасының құрамына мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері енеді.

Үздік дәстүрлі әншілер қорытынды гала-концертте өздерінің орындаушылық шеберліктері мен таланттарын көрсетеді.

Байқау қатысушылары ұйымдастыру комитетінің дипломы және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.

 

Өтетін орны:                                                     Өтетін күні мен уақыты:

«Көкшетау» МС                                          29 қыркүйек  2023 ж. Сағ: 17.00