Ертең Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтеді

Ертең, 13 наурызда кешкі сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты үлкен концерт өтеді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бұл туралы инстаграм парақшасында Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлады.

Кешке белгілі әншілер Алтынбек Қоразбаев, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Бағдат Сәмединова, Елмұра Жаңаберген, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Қосанова, Айгүл Иманбаева, Құрмаш Махан, Тамара Асар, Сырым Қашқабаев, Мәдина Сәдуақасова, Рухия Байдүкенова, Әлібек Әлмадиев, Зарина Божақова, Татьяна Ким, Ұрбибі Бағлановалар қатысады.

Концерт «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтеді.

  «ozgeris.info»