Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу бастады.

«Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «Қаңтар оқиғасы» кезінде билігін және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Тергеу құпия құжаттаманың қомақты көлемін зерттеуді көздейтіні хабарланды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге ​​жатпайды.

«Қадағалау департаменті Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында барлығының тең екендігін айтады. Тергеу нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», — деді Бас прокуратура.