Ер адам 15 жастағы қызын азғындамақ болған: Жасөспірім терезеден секірді

Ресейде ер адам 15 жасар қызына тиісіп, азғындамақ болған. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеу облысында 34 жастағы мас ер адам қызының бөлмесіне барып, қасына жатып алған. Әкесінің ашуынан қорқып, қыз үндемеген.

Алайда ер адам оның әурет жерлеріне қол тигізе бастаған. Қыз төсектен атып тұрып, бірінші қабаттан секірген. Осыдан соң жігітімен кездесіп, полицияға жүгінді. Әкесіне қатысты «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жәбірленуші әкесімен және өгей шешесімен бірге тұрған. Отбасында қыздың үш және алты жастағы інілері мен өгей анасының 13 және 17 жастағы қыздары бар.