«Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді»: Аша Матайдың әншілік пен актрисалықтан бас тартқаны рас па

Тележүргізуші Аша Матай әншілік пен актрисалықтан бас тартқаны рас па? Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасында тележүргізушілік өмірлік таңдауы екенін түсінгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Енді менің өмірімде әншілік пен актрисалық үлкен орын алды. Шығармашылыққа әнші ретінде келдім ғой. Ол менің хоббиім болатын. Кейін бірнеше киноға түсіп, басты рөл ойнап, актрисалыққа келдім. Ал тележүргізушілікке бет бұрғанда бұл менің таңдауым екенін түсіндім. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дейді ғой. Сондықтан бір бағытты ұстап, бір бағытта жүруге бел будым. Әншіліктен түбегейлі бас тарттым деп айта алмаймын. Бірақ ол жердің өз маманы бар. Маған өз ісімнің маманы болғаным жеткілікті. Ал хобби ретінде айналысудан бас тартпаймын. Анда-санда той-томалақта, бағдарламаға баруым, кейде кинода рөл сомдауым мүмкін. Бірақ, негізгі басымдық тележүргізушілікте болады», — деді Аша Матай.