Баян Алагөзова мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында мектепте хиджаб кию мәселесін көтеріп, жазба жариялады.

Продюсер өзекті тақырыпқа қатысты жауап берген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қос қолдап қолдайтынын жеткізді.

“Соңғы кездері мектепте хиджаб кию мәселесі қоғамда жиі талқыланып жүр. Бұл әрбір ересек және кәмелет жасқа толған адамның өз таңдауы. Бірақ бала отбасындағы діни қағидаларды аңдаусыз бойына сіңіреді. Қазір Иранда әйелдер өз құқықтарын қорғам, еркіндік үшін күресіп жатыр. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының сөзімен келісемін. Бұл – толық жауап”, – деп жазды Баян Алагөзова.