Қазақстанмен арада визасыз режим: Қытайда мемлекетшілік рәсімдер аяқталған жоқ

Қазақстанмен арада визасыз режим жөнінде Қытай жағынан мемлекетішілік рәсімдер әлі аяқталмады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімнің 11-ші бабына сәйкес, осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді. Өз кезегінде, Қазақстан жағы мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы Қытайға хабарлама жолдады. Қытай тарапынан тиісті хабарлама әзірге келіп түскен жоқ», — делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.