«Көптің көзінше айтайын…»: Мәжіліс депутаты министрлерге ескерту жасады (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай министрлерге «бізді Президент тікелей тағайындайды» деген түсініктен арылу қажеттігін еске салды.

«Сіздер комитеттің келісімі бойынша тағайындалып отырсыздар. Сондықтан осы кабинетте қандай жиын өтеді, тікелей өздеріңіз қатысыңыздар. Сұрақтарға өздеріңіз жауап беріңіздер. Біздің алдымызда да есеп беретіндеріңізді ұмытпаңыздар. Екіншіден, Мәжіліс депутаттары қандай сұрақ жолдайды, жаттанды жауаппен құтылуды доғару керек. Тікелей сонымен министр айналысуы керек. Ал олай болмайды екен, мен көптің көзінше айтайын, ертең сол министрдің отставкаға кету мәселесін Мәжілісте көтереміз», — деді ол.