Жетісу облысында мейрамханаға тойға келген 20 қонақ уланып қалды

Жетісу облысы Қабанбай ауылында тойға барған 20 адам уланды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 28 тамыз күні Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық ауруханадан хабар түскен.

Онда «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған 20 адам ауруханаға түскені айтылған.

«Алакөл орталық аудандық ауруханасында зардап шеккен бар адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның11-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалған 9-ы ауруханаға жатудан бас тартты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты»,- деп хабарлады департаментен.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталды.

«Тергеу барысында эпидемиологиялық анамнезге сәйкес бұл жағдай 27 тамызда Қабанбай ауылының «Шағала» мейрамханасында өткен үйлену тойында дайын тағамдарды тұтынумен байланысты екені анықталды. Облыстық және аудандық мүдделі органдарға хат жолданды»,- деп атап өтті Жетісу о