Ақтау — түркі өркениетінің жаңа мәдени ордасы

1993 жылы құрылған ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы жыл сайын түркі халықтарының мәдени астанасын таңдайды. Ұйым құрамында Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан бар. 2025 жылы мәдени астана мәртебесі Ақтау қаласына берілді. Осыған орай қалада “Дархан дала” этноқалашығы ашылып, 25 мыңнан астам қонақ жиналды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Mynzhassarov Телеграм арнасына сілтеме жасац отырып.

Этноқалашықта жеті этноауыл құрылған. Әрқайсысы түркі халықтарының түрлі салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктерін бейнелейді. Мәселен, “Суын Айғыр” этноауылы – Маңғыстау өңірін мекендеген көшпенділердің өміріне арналған. “Шеберлер” ауылында ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің қолөнершілері өз жұмыстарын ұсынған. Ал “Ғашықтар” ауылында ұлттық мәдениеттегі қазақ әйелінің бейнесі мен махаббат тақырыбы көрініс тапқан.

Мәдени іс-шаралар күздің соңына дейін жалғасады. Қараша айының ортасында мәдениет министрлері кеңесінің отырысы мен жабылу салтанаты өтеді.

Осы уақыт аралығында Маңғыстау облысы бүкіл түркі әлемінің мәдени орталығына айналады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...