Енді ескі темір тұлпар тізгіндегендер қалаға кіру үшін ақы төлейді. Өңір басшысы Алматыны көк түтін басты дейді.
Ерболат Досаев бұл ойын Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Ал су жаңа техникалар мен электрлі көлік иелері үшін жол жүру тегін болмақ.
Бүгінде алып шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту үшін 2025-2027 жылдарға арналған бағдарлама әзірленген.
Бұл ең бірінші мегаполисті түтіннен арылтуға, екіншіден аймақтағы кептелісті реттеуге септігін тигізеді, — деді Досаев. Жоспар бойынша алғашқы шектеулер келесі жыдың соңына қарай енгізіле бастайды.
«Көлік реформасын 2026 жылдың соңына дейін толығымен аяқтау жоспарланған. Шектеулер төлем арқылы болады. Мысалы Алматыда тіркелген көлік заманауи экологиялық талаптарға сай келмесе, көлік иесі қаланың кей аймақтарына кіру үшін ақы төлейді. Біз қазір бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үстіндеміз», — деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру