Жетісу облысы Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Аман қалған ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ.
Енді дельтапланның суға құлау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілетін болды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
«Бүгін 25 шілдеде сағат 17.15-те Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады», – делінген ведомство мәліметінде.
ПІКІР ЖАЗУ