Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады. Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді: сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді; мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді; қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатынын айтты.
Бұған дейін кәсіпкердің түрмеден шығатыны хабарланған еді.
Бүгінде соттың шешімі қабылданды. Сот үкімі заңды күшіне енген кезде ол бостандыққа шығады. Қазір сізге нақты қай күні (түрмеден) шығатынын айта алмаймын. Алайда бір апта бұрын сот шешімі қабылданды десек, сол күннен бастап, 15 күндей күту керек. Демек (Қайрат Боранбаев) бір аптадан кейін (түрмеден) шығуы мүмкін, — деді Әсет Шындалиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
ПІКІР ЖАЗУ