Актер Еркебұлан Дайыров өңірлердегі төтенше жағдай туралы жазба жариялады.
Ол су тасқыны кезінде жұрт бір-біріне көмектесіп жатқанын атап өтті.
«Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте, сыныптың ремонтына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына. Әзір міне Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау… Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсыз да түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма «Иттің иесі болса, Бөрінің тәңірісі бар» деген. Бәрі бір Аллаға аманат!», — деп жазды өнер иесі Instagram-парақшасында.
Фото: Видеодан кадр/»Алғашқы» бағдарламасы
ПІКІР ЖАЗУ