Түркістан облысының басшылығы Сырдария өзеніне батып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстарын бақылау үшін оқиға орнына барды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Қазір іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, тергеу органдары бұл оқиғаның себебін анықтауға кірісті. Қайғылы оқиға болған жерде суға шомылу үшін тиісті жағдай жасалмаған. Ол жерге төрт отбасы демалуға барған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі тексеруден кейін анықталады», — деді С. Шәріпханов Үкіметте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Олардың баршасы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары.
«Жағдай облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлыпхар Жолдасов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев аталған жерде болып, нұсқаулықтар жүргізді. Қайғы жамылған әулеттің үйіне барып, көңіл айтты. Тиісті көмек ұйымдастырылатын болады», — делінген Түркістан облысы әкімдігі таратқан хабарламада.
Қазір оқиға орнында 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмыс істеп жатыр. Іздестіру шаралары түнде де тоқтаған жоқ.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб жұмыс істеп тұр.
ПІКІР ЖАЗУ