Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында Мысырдағы Шарм-Әл-Шейхте өткен ITF World Tennis Tour M25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Өзгеріс порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында Ақтау қаласының түлегі Б.Жукаев ресейлік Алибек Качмазовпен бірге доданың 2-ракеткалары, қытайлық тайбэйлік Ю Хсю – аустриялық Нил Оберйтнермен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 1:6, 7:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Бұл – Бейбіттің осындай деңгейдегі жарыстағы екінші жүлдесі. Өткен жылы елордада M25 турнирінде тағы бір ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге үздік шыққан еді.
Мысырда жекелей сында Б.Жукаев жартылай финалға дейін жетіп, жарыстың 1-ракеткасы, чехиялық Лукаш Росолға есе жіберді – 3:6, 2:6.
ПІКІР ЖАЗУ