2023 жылы 15 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаты Асқар Садықов тарифтердің көтерілуіндегі туындаған мәселелерге қатысты өз сауалын Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Жұмағалиге жолдады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Биыл қыста орын алған ЖЭО апаттарынан кейін Үкімет «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасының қайтарылатынын жариялап, оны энергетика саласындағы негізгі проблемалардың емі ретінде көрсетті.
Алайда, біз осы тектес бағдарламаны үкімет 2009-2015 жылдары да жүзеге асырғанын және сол кезде-ақ алға қойылған міндеттерді шеше алмай, энергетикалық кәсіпорындар мен желілердің жаңаруын қамтамасыз етпегенін, есесіне монополистер мен олигархтардың қыруар пайда тауып, жаңа миллиардтарды шетелге шығаруға мүмкіндік бергені туралы депутат келтірді.
«… сол тәжірибені ескермесе, жасалған қателікке қайта ұрынудың үлкен қаупі бар. Мәселен, 2012 жылы «Ақ жол» фракциясының инвесттарифтік қаражатты пайдалану туралы сауалына Экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі ірі компаниялар инвестициялық міндеттемелерін орындамағанын хабарлады.
Мәселен, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ халық пен бизнестен инвестициялық мөлшерлеме бойынша ақша жинап алғанымен, 1,5 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық міндеттемелерін орындамаған. «AES Өскемен ГЭС» ЖШС инвестициялық тарифтен түскен 2,2 миллиард теңгені активтерді кеңейту мен қайта құруға пайдаланудың орнына құрылтайшыларына дивиденд ретінде төлеген.
«АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС құрал-жабдықтарға инвестиция салудың орнына, дәл солай акционерлерге 2,7 млрд теңге төлеумен шектелген», — деді депутат А.Садықов.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасын пайдаланып, бірқатар монополистер ешқандай инвестициялық міндеттемелерсіз, біржақты тәртіпте тарифтерді өсіргені анықталды, ал монополияға қарсы органдар мұндай өсімдерді үнсіз мақұлдаған.
«Аталмыш бағдарламаның нәтижесі белгілі – он жыл өтпей жатып энергетика саласына негізгі қорларды жаңарту үшін тағы да миллиардтаған доллар инвестиция қажет. Себебі, алдыңғы миллиардтар қажетті жеріне жетпей қалған.
Тарифтердің негізділігі өз алдына бөлек мәселе. Мәселен, БАҚ энергия өндіруші компаниялардан монополистік жолмен электр энергиясын 7-8 теңгеден сатып алып, оны халық пен кәсіпорындарға 4 еседен 20 есеге дейін қымбатқа сататын ондаған ірі делдалдық фирмалар туралы ақпарат таратылып жатыр. Оған қоса, бұл делдалдар ешқандай техникалық рөл атқармай, тек қаржылық ағындарды есепке алумен ғана айналысып жатыр, яғни, шын мәнінде еліміздің энергетикалық жүйесіне кенедей жабысып, 6-10 миллион теңге көлемінде орташа жалақы алып отыр», — деді ол.
Депутат бұл компаниялардың олигархтарымен байланысы бар және әлі күнге дейін әрбір кәсіпкерден, әрбір қазақ отбасынан алым жинап келе жатқанын жеткізді.
Үкімет сайтында хабарланғандай, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын енгізу салаға 400 миллиард теңге қосымша қаражат әкеледі деп жоспарланып жатыр.
Алайды, депутат сүйеніп отырған журналисттердің есептеуі бойынша, біздің азаматтарымыз бен барлық түрдегі ұйымдарымыз бүгінде ешқандай негізсіз олигополияға жылына екі триллион теңгеге дейін электр энергиясы үшін артық төлейді екен.
Яғни, шын мәнінде, біздің қоғам мен мемлекет энергетика саласын жаңғыртуға жұмсалған инвестиция үшін қазіргі тарифтердің өзінде үкімет іздегеннен 5 есе көп ақша төлеп жатыр. Бірақ бұл ақша талан-таражға түсіп, энергетикалық кәсіпорындарға жетпей, біркүндік фирмалар құзырлы органдардың біртүрлі бей-жайлығымен қаржыны аударып келе жатыр.
Депутат мұндай олигополияларды жоюға шақырып, тарифтердің кез-келген өсімі олигархтар үшін елге жаңа салық салуға себеп ғана болмақ екенін айтты. Ал тарифтерді көтерудің орнына, энергетика саласындағы миллиардтаған қаржы ағынындағы тәртіп пен ашықтықты қалпына келтіру қажеттігін ұсынды.
Елдегі энергетика саласындағы тарифтерге қатысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесі талаптарды жолдады:
1) Энергетика саласындағы барлық делдал компанияларды жою. Бұл компаниялардың тізімін Ратель сайтының журналистері, Сыбайлас жемқорлықты тергеу қорының телеграм-каналы және т.б. атап көрсеткен, біздің алдыңғы сауалдарымызда да айтылған («АВ-Энерго» ЖШС, «КазЭнергоЦентр» ЖШС, «ЛогоТрансЭнерго» ЖШС, т.б.).
2) Инвестициялық тариф мөлшерiн белгiлеу кезiнде делдал кәсiпорындардың қалтасына түсетiн халықтың және кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ағымдағы артық төлемдерiн есепке алып, бұл қаражаттың сала кәсiпорындарына қайта бағытталуына қол жеткiзу және тарифтiң жоспарланған өсім сомаларынан шегеру.
3) Монополистер мен үкімет арасындағы инвестициялық келісімдерде бекітілген нақты инвестициялық міндеттемелерсіз тарифтерді көтеруге тыйым салу
4) Саланың барлық кәсіпорындарының қызметінде инвестициялық тарифтік қорларды пайдалануда қоғамның қатысуын және толық ашықтығын қамтамасыз ету.
ПІКІР ЖАЗУ