Бүгін, 5 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаты Асқар Садықов Вице-премьер Е. Жамаубаевқа, Бас прокурор Б. Асыловқа салық органдардың кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қысымы жайлы ашық сауал жолдады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салық органдарының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заң нормаларын өз қалауынша түсінуіне тап болған кәсіпкерлер «Ақ жол» демпартиясына жүгініп келеді.
Депутаттың айтуынша, прокуратура мен соттардың қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) органдары кәсіпорындарды бір субъектілер арасында сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын бірнеше қолма-қол келісімді қасақана жасап, сол арқылы «келісімді бөлшектеді» деп айыптап, негізсіз жауапкершілікке тартады.
«Бұл ретте салық органдары аталмыш келісімдердің әртүрлі мерзімдерде және түрлі тауарларға қатысты жасалғанын мүлдем елемейді. Оның үстіне «келісімді бөлшектеу» ұғымының өзі ешбір заңда жоқ.
Бұл мәселені фракциямыз депутаттық сауалдарында бірнеше рет көтеріп, заңда «бөлшектелген келісімдер» ұғымын анықтау қажеттігін атаған болатынбыз.
Сонымен қатар, мәселе заңнамалық тұрғыдан реттелмейінше қозғалған істерді тоқтата тұруды ұсынғанбыз.
Дегенмен, сіздердің ведомстволарыңыз берген жауаптардан аңғарғанымаздай, әлдебір электрондық шот-фактураларды талдаулар іс қозғауға негіз болған сияқты.
Оған қоса біз мұндай келісімдердің мерзімі мен біртектілігін анықтау туралы негізгі сұраққа жауапты сол күйі ала алмадық», — деді депутат Асқар Садықов.
Сонымен қатар, кез келген өндірісте үнемі сатып алынатын материалдар болады. Құрылыста бұл, мысалы, шегелер. Тігіншілікте түймелер және т.б. Және көп жағдайда олар бір сенімді жеткізушіден сатып алынады. Ал, бір не үш жылдан кейін қажет болатын тауарлар түріндегі қаржыны «тоқтатып тастау» бизнес үшін шығын, себебі, көбінесе бұл айналымда болуы қажетті несиелік қаражаттар.
Жалпы «Атамекен» ҰКП-ның ресми ақпаратына сәйкес, өткен кезеңде Қазақстанда осы санаттар бойынша барлығы 223 іс қозғалғанына, оның 218-і (!!!) Шымкент қаласына тиесілі екен.
ПІКІР ЖАЗУ