Қонаев қаласында қазіргі кезде құрылыс қарқынды жүріп жатыр, болашақтағы салынатын төрт қалашықтың да бас жоспарын желтоқсан айында бекітіп құрылысты бастауға дайын. Алматы қаласыннан ЖОО-ларды Қонаев қаласына көшіру туралы еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қонаев жастар қалашығы болсын» деген тапсырмасымен бүгінде ЖОО-лар салынатын жерлер де сметаға енгізілілген, студенттер қалашығы Қонаев қаласының Бақанасқа қарайғы жағы болмақшы.
«Бірінші инфрақұрылымдар жағын реттеу керек, жол мен тұрғын үйлер, спорттық нысандар, мәдени ошақтар салынуы тиісті», — дейді қала әкімі Нұрлан Құматаев журналистерге берген баспасөз конференциясында.
Бүгінде Қонаев қаласында 15 мектеп бар, бірақ ресми бейресми оқушылар саны жылдап артып, биылғы уақытта тағы жаңа 900-1200 орындық 2 үлкен мектеп салынып жатыр. 2021 жылы басталған құрылыс 2023 жылы көктем айында аяқталып, келер жаңа оқу жылына сақадай сай болмақшы. Желтоқсан айында бекітілетін жаңа бас жоспарда да жаңа аудандарда мектеп, спорттық интернаттар салыну көзделген. Әзірге кадрлық тапшылық жоқ дегенімен, болашақта сезіліп жатса, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын да іске қосып жатырмыз дейді, қала әкімі Нұрлан Құматаев.
Бағдарламаға ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері оқу орынын жаңа бітірген мамандар, ауылға тұруға және жұмыс істеуге келген еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады екен. Бағдарлама талабына сай келмейтін мамандарға «Нұрлы жер» бағдарламасымен келесі жылы үйлер беріле бастайды.
«Қазіргі таңда, өздеріңіз көргендей, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 ықшам ауданда 60 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Бұл жобаға биыл 1 млрд. 662 млн. теңге бөлінді, ал жалпы сомасы 2 млрд. 850 млн. теңге. Ең алдымен пәтерлер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге беріледі», – деді әкім.
Бұл жоспарды орындау үшін шамамен 50 га жер бөлінген. 107 көппәтерлі тұрғын үй бой көтерсе, оның 13-і бюджет есебінен, қалғаны жеке компаниялардың есебінен салынатын болады.
Өкініштісі облыс орталығы болған сағаттан бастап, бұрынғы жеке мердігерлер қала үйлерінің бағасын шарықтатып, әрбір шаршы метріне 345 000 теңгеден қойған, (жыл басында 280 мыңнан болған екен) бұл баға Қазақстандағы ең қымбат қала Алматымен теңесіп тұр. Пәтерақы көктемнен бері қымбат, сондықтан үйдің тез салынып бітуіне әкімдік те халық та мұқтаж. Арнайы бағдарлама аясындағы үйлердің бағасы қандай деп сұрағанымызда Қонаев қаласы ЖКХ бөлім басшысы Дархан Бөкембайұлы «әлі белгісіз, салынып біткенен кейін бағасы белгілі болады» деп жауап берді. Деседе бюджет қызметкерлерінің қалтасы көтеретін баға болатындығы белгілі.
Облыс орталығы болғанымен туризм аймағы мәртебесімен қала ары қарай дами бермек, болашақ жоспарда қыстық туризм де мұз айдындар алаңын жасау да тұр. Сондай ақ әжептәуір салықпен бюджетті жауып отырған ойын казинолары да ешқайда көшірілмейтін болды. Түркістан сияқты Республикалық қыруар қаржыны ембесе де бүгінде Қонаев қаласының болашаққа деген үміті басым.
Аида Кожмамбетова
ПІКІР ЖАЗУ