Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 10 жылдан кейін мектеп түлектерінің саны екі жарым есеге артады. Осыған байланысты 2025 жылға дейін гранттар санын жыл сайын 10%-ға ұлғайту жоспарлануда.
«Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарына 177 мыңға жуық түлек түсті. Осылайша, студенттердің жалпы саны 609 мыңнан асты.Соңғы жылдары гранттар саны да артып келеді. Биыл 88 000-нан астам мемлекеттік білім гранттары бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға артық. 2025 жылға дейін мемлекеттік гранттар саны жыл сайын 10%-ға артады.Қазақстандықтардың жоғары білім алуға қолжетімділігі едәуір кеңейтілетін болады», — деді Ғылым және жоғары білім министрі.
ПІКІР ЖАЗУ