2022 жылдың 23 маусым күні сағат 11:00-де Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қолдауымен «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбындағы жастармен кездесу өтеді.
Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болмақ.
Іс-шара спикерлері «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және кәсіп пен оқуда жетістікке жеткен, еңбекқор Қазақстанға белгілі тұлғалары мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөліседі.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.
Кездесуге барлық жастарды шақырамыз. Ұлттық руханият пен әлемдік өркениетті дамытуға үлес қосып, қолдау білдіруіңізді сұраймыз.
Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында өтеді.
Тіркелу үшін сілтеме толтыруыңыз керек https://forms.gle/stHeY7Gtv5chTMWz6
Қосымша ақпарат үшін телефон: +7 7479260260
Электрондық пошта: jasadyrna@gmail.com
ПІКІР ЖАЗУ