Министрлер мен әкімдерге «шектеу» қойыла ма?

Фото: ken-zhyloi.kz

Президенттің туыстарына алдағы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынбақ. Ал министрлер мен әкімдерге мұндай «шектеу» қойыла ма?

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа БАҚ өкілдері осындай сұрақ қойды. Бұған Сенат төрағасы былай деп қысқаша ғана жауап қатты:

«Бұл мәселе Конституциялық реформалар аясында қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға, министрлерге немесе әкімдерге болсын, мәселені қарау керек шығар. Бірақ мұның бәрі қандай формада болатынын әлі айту қиын. Конституцияға өзгерістерді алдымен енгізейік. Өздеріңіз білетіндей, қазір бұл бағытта арнайы жұмыс тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Содан кейін біз басқа мәселелерді қосып, бәрін қарастырамыз. Нақты қалай формада болатынын заңдарды талқылаған кезде ақылдасайық. Содан кейін сіздерге ақпарат беретін боламыз».

«ozgeris.info».