Алтын белгінің құрамында алтын бар ма? БҒМ жауап берді

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова «Желіге шолу» айдарында әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Бахтияров Ерболат есімді азамат: «Алтын белгі иегерлеріне ешқандай артықшылық пен жеңілдіктер болмаса, оған талпынып, тырысудың қажеті неде? Оған қоса, естуімше, былай бұлдайтын Алтын белгіде айтарлықтайда алтын да жоқ екен?!»– деген пікір қалдырған.

Гүлмира Кәрімованың айтуынша, «Білім туралы» заңға сәйкес «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орнына түсу кезінде артықшылыққа ие. Мысалы, конкурс кезінде үміткерлердің жинаған баллдары тең болған жағдайда «Алтын белгі» иегеріне басымдық беріледі.

«Екінші сұраққа жауап берсек. Менің түсінігімде алтын дегеніміз ол – алған білім. «Алтын белгі» кімге беріледі? 11 жыл бойы өзінің озат білімін көрсете алған оқушыларға ғана беріледі. Сондықтан осы еңбекті мен алтынға теңеймін. Сонымен бірге «Алтын белгі» оқушыны ынталандырудың бір әдісі болып табылады. Оқушының үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы баспалдағы»,-деді Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы.