Қазақстандық жүргізуші куәліктерін Ресейде қолдануға тыйым салынды

1 сәуірден бастап Ресейде басқа елдерде берілген жүргізуші куәліктерін қолдануға болмайды. Тыйым Қазақстан азаматтарына да әсер етеді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ORDA порталына сілтеп.

«Парламентская газета» басылымының хабарлауынша, шектеу 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Ресейде ықтиярхат немесе азаматтық алған шетелдіктерге, сондай-ақ шетелде жүргізуші куәлігін рәсімдеп, осы күннен кейін РФ аумағына кірген ресейліктерге қатысты.

Ресейде шетелдік жүргізуші куәліктерін қолдануға тыйым 2023 жылы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында енгізілген. Бүгіннен бастап бұл шектеу ресми түрде күшіне енді.

«Егер шетелдік 2024 жылдың 1 сәуірінен кейін Ресейде легализациядан өтсе, ол ұлттық жүргізуші куәлігін тағы бір жыл бойы пайдалана алады. Ал 1 сәуірден бастап шетелдік жүргізуші куәлігімен көлік жүргізу ереже бұзу болып саналады. Мұндай жүргізушілерге көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқарғаны үшін 5-15 мың рубль көлемінде айыппұл салынады», – деп жазады «Парламентская газета».

Бұл ережеден тек Беларусь азаматтары мен беларусьтік жүргізуші куәлігі бар ресейліктер босатылған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите