Еңбек шартының орнына ЖК: қазақстандықтар әлеуметтік кепілдіктерден айырылу қаупінде

Қазақстандықтарға еңбек шартының орнына ЖК арқылы жұмыс істеу жиі ұсыныла бастады. Сарапшылар бұл трендті ҚҚС мөлшерлемесінің артуымен байланыстырады. Кәсіпкерлер үшін бұның белгілі бір артықшылықтары болғанымен, қызметкерлер еңбек және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады, деп хабарлайды «31 арна».

Жуырда үкімет жаңа Салық кодексіне ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды. Алайда жалақы қорына түсетін жүктемені азайту жоспарланып отырған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде 100 теңге жалақыға жұмыс беруші 40-45 теңге қосымша төлем жасауға мәжбүр. Сол себепті бизнес әлеуметтік аударымдарды үнемдеуге тырысып, жалақының бір бөлігін «конвертпен» беру тәжірибесін қолданады.

«Олардың әлеуметтік аударымдарды төлеу міндеттемесі 10-15 есеге қысқарады. Айына 300 мың теңге табыс тапқанымен, іс жүзінде ең төменгі шекті 85 мың теңге қояды, тиісінше, зейнетақы жарналары да сол сомадан есептеледі. Әлеуметтік аударымдарға да дәл сондай әсер етеді», – дейді салық жөніндегі сарапшы Айдар Масатбаев.

Бұл жағдайда еңбек заңнамасы аясында қызметкерлердің құқықтары қорғалмайды. Әлеуметтік кепілдіктер, аурухана төлемдері, декреттік демалыс, зейнетке шығу мәселелері тәуекелге ұшырайды, сондай-ақ жұмыс берушімен соттасу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…