4 мамыр күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Театр директоры, белгілі айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші өтеді. Бұл туралы дәстүрлі өнер театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Жұмабекұлы хабарлады.
Айтуынша, кеште Ринат Заитовтың 2004-2022 жылдар аралығында Ұлықпан Жолдасов, Арман Дүйсенов, Нұржан Шөкенов, Ерген Айтымбетов, Самал Ермахан секілді танымал сазгерлермен шығармашылық байланыс нәтижесінде туындап, халық арасынан өз орнын тапқан әндерімен қатар әр кезде жазылған өлеңдері оқылады.
ПІКІР ЖАЗУ