Қаңтар айында электронды еңбек биржасында білім беру саласындағы мамандарға сұраныс өсті. Вакансиялар саны 36,8 мыңға жетті. Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда платформадағы түйіндемелер саны 2,5 есе көбейді – жұмыс іздеушілер саны 191,9 мың адамға жетті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, электронды еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары 5,2%-ға азайған. Дегенмен, білім беру саласында жұмыс күшіне сұраныс сақталуда. Салаға 36,8 мың маман қажет, 11,1 мың адам денсаулық сақтау саласына, тағы 11,5 мың жұмысшы басқа салаларға керек.
«Қаңтар айында жоғары білікті мамандарға сұраныс күрт артты – жұмыс берушілер желтоқсанмен салыстырғанда 16 мыңға көп (+70%) вакансия жариялады. Ал біліктілігі жоқ жұмысшыларға қажеттілік екі еседен астам қысқарды – 45,7 мыңнан 18,8 мыңға дейін. Сонымен қатар, барлық біліктілік топтары бойынша түйіндемелер саны өсті, ал біліктілігі жоқ жұмысшылар желтоқсанға қарағанда 60,4 мыңға көп (+338%) түйіндеме орналастырды,» – делінген министрлік хабарламасында.
ПІКІР ЖАЗУ