«Инфлюенсерлерді VIP деңгейде күтіп алу»: Алматы әкімдігінің «абсурдты» шығындары әшкере болды

Фото: ЖИ

Ерболат Досаев Алматыны 2022 жылдан бері басқарып отыр. Осы уақыт ішінде Досаевтың саясаты мен қабылдаған шешімдері түрлі сындарға ұшырап келеді. Әсіресе Мемлекет басшысының «ақшаны үнемеуге» шақырғанын ескерсек, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы үлкен сұрақтар мен сын тудырып отыр.

Мысалы Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерді бақылау және Ерболат Досаевтың имиджіне нұсқан келтіретін негативті пікірлерді анықтау үшін бюджеттен 260 миллион теңге бөлгені тиімсіз шығын екені айтылған. Бұл туралы саясаттанушы Санжан Бокаев «Гиперборей» Youtube арнасына берген сұқбатында айтты.

Одан бөлек әкімдік бір реттік 5 миллион теңге жұмсап, Досаев туралы жағымсыз пікір жазған блогерлердің тізімін жасатқан.

Президент халық пен билікті ақша үнемдеуге шақырып отырған кезде, әкімдік 500 мың долларды осындай «абсурдты» шығындарға жұмсап отыр дейді саясаттанушы.

«Егер Досаев өз имиджі үшін алаңдайтын болса, не үшін ол бюджет қаражатынан жасалуы керек?», — деп сұрақ қойды Санжар Бокаев.

Халықтың ақшасына өз абыройын ойлаған Алматы әкімі сынға қалды. Бұл бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану. Әкімнің жұмысына теріс баға берген Санжар Бокаев өз ақшасына сауалнама жүргізуге тапсырыс берген. Мақсаты Досаевтың жұмысына халықтың көңілі толады ма, осыны анықтау.

«Мен кез келген Алматы қаласының тұрғыны ретінде өз қаламның жағдайына алаңдаймын. Далаға шығып тағы да тазаланбаған қар, лас қаланы көрдім. Қаншама жүйелі түрде шешілмей келе жатқан сұрақтар мені мазалайды. Осы ретте Досаевтың қызметінен кеткенін сұрағым келеді. Алайда бұл тек менің пікірім, неге мен тек өзімнің пікіріме сүйенуім керек, мүмкін қала тұрғындарының да пікірін сұраған жөн болар деген идея келді», — деді саясаттанушы. 

Сауалнаманы PaperLab ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген. Нәтижесінде көптеген алматылық мегаполисті кім басқаратынын білмейтінін анықтады. Қала тұрғындарының 42%-ы әкімнің кім екенін білмейтінін көрсетті. Респонденттердің 57 пайызы ғана Ерболат Досаевты танитын болып шықты. Қалғаны қала әкімінің аты-жөнін білмейді.

Сауалнамаға қатысқан адамдарға қала 2022 жылдан бері өзгерді ме деген сұрақ қойылған – сол жылы Досаев қаланы басқаруға келген. Респонденттердің жартысына жуығы “өзгеріс жоқ” деп айтқан.

21%-ы жағдай жақсармағанын, керісінше нашарлап кеткенін айтқан. Зерттеуге қатысқандардың 16 пайызы ғана қалада оң өзөгерістер байқалғанын айтқан.

Бюдет қаражатын тиімсіз жұмсаудың бірнеше фактілерін Goszakupturaly парақшасы жариялады. Алматының Туризм бюросы 50 миллион теңгеге лот жариялады. Ұйым қалаға келетін инфлюенсерлер мен қоғам қайраткерлерін VIP деңгейде күтіп алу мен олардың пікірін бақылау қызметін сатып алмақ.

Лоттың мақсаты былай сипатталған:
«Алматы қаласының туристік әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету, ынтымақтастықты дамыту, қаланың жағымды имиджін қалыптастыру, сондай-ақ оқиғалық және басқа да туризм түрлерін халықаралық деңгейде дамыту».
Қызмет көрсетушінің міндеттері:
•Инфлюенсерлерге премиум деңгейдегі көлік қызметін ұсыну. Блогерлер мен қоғам қайраткерлері Mersedes V-Class, Mersedes Sprinter және Hyundai Staria автокөліктерімен тасымалдануы тиіс. Техникалық сипаттамада көліктер кемінде 2021 жылғы болуы керек деп көрсетілген, алайда біліктілік талаптарында көліктердің басқа жылы сұралады.
•200 тәулік бойы 4-5 жұлдызды қонақүйлерде орналастыру.
•250 рет түскі және кешкі ас беру.
•150 күн экскурсия ұйымдастыру.
•Қонақтар Алматыдан кеткеннен кейін, олардың әлеуметтік желілердегі және БАҚ-тағы пікірлерін бақылау, кері байланыс жинау.
«Туризмді дамыту әрине маңызды, бірақ бюджет тапшылығы жағдайында мұндай шығындар сұрақтар тудырады», — деп жазды Goszakupturaly парақшасы.
Сондай-ақ әкімдік 90 миллион теңгеге дизайн-код әзірлеуге тапсырыс берген. Алайда оның нақты қандай пайда әкелетіні әлі түсініксіз. Бұл сатып алуда бәсекелестікті жасанды шектеу бар, яғни тапсырыс беруші бұл қызметті не мемлекеттік мекемеге, не бұған дейін мемлекеттік органдармен жұмыс істеген жеткізушіге бергісі келеді.
Сондай-ақ, 60 миллион теңгеге  агломерация офисін құру бойынша сатып алу да жоспарланған. Бірақ 6 ақпанда ол сатып алу тоқтатылды.
Бюджеттің кризис жағдайын ескерсек, бұл сатып алулар мемлекеттік органдардың тікелей қызметіне және өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталмаған. Және мұндай қомақты шығындар инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер мен қала қауіпсіздігіне бөлінуі керек деген сын айтылып жатқаны орынды сияқты.