Қазақстан қымбатшылық жағынан ЕАЭО елдерінен асып түсті

Фото: pro.dasreda.ru

2024 жылдың қорытындысы бойынша (желтоқсаннан желтоқсанға дейін) ҚР-да азық-түлік емес тауарлары, орта есеппен, 8,3%-ға қымбаттады, бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ең жоғары көрсеткіш болып тұр делінген DATA HUB мәліметтеріне.

ЕЭК-тің тауарларды бөліп қарастырған толық талдауына сүйенсек, бізде бірқатар азық-түлік емес тауарларының қымбаттауы ЕАЭО елдерінің арасында ең айқын байқалған.

ҚР-да киім мен іш киімнің бағасы 9,9%-ға өскен, ал ЕАЭО бойынша орташа көрсеткіш 4,1%-ды құрап отыр.

Қазақстанда аяқ киім бір жылда 11,4%-ға қымбаттаған, ЕАЭО бойынша орташа қарқын — 4,8%. Балалардың аяқ киімі бойынша айырмашылық тіптен үлкен: бізде — 13,3%, ал одақ елдерінде — 3,6%.

Қазақтандық тұтынушылар үшін мата 8,0%-ға қымбаттады, ал ЕАЭО бойынша орташа көрсеткіш — 3,5%.

Жеңіл автокөліктер елімізде 6,4%-ға қымбаттады, ал ЕАЭО бойынша орташа көрсеткіш — 3,3%. Бұл орайда одақтың бес елінің үшеуінде — Армения, Беларусь, Қырғызстанда — көліктердің бағасы бір жылда біршама арзандаған.

ҚР-да жиһаз 10,2%-ға қымбаттаған, ЕАЭО бойынша көрсеткіш — 6,9%.

Ресми статистикаға сәйкес теледидарлар бағасының өсуі, тіпті, оғаш көрінеді: Қазақстанда бағасы 37,5%-ға, ал ЕАЭО бойынша 5,3%-ға өскен. Дегенмен, теледидарларға қатысты ақпарат анық болмауы мүмкін: көктемде ҰСБ-ның эксперименттік статистикасы мен дәстүрлі статистика арасында осы тауар бойынша үлкен айырмашылық байқалған болатын.

Айтпақшы, ЕАЭО елдеріндегі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер бағасының өсуі туралы деректерді иллюстрациядан көре аласыздар. Бірінші сегмент бойынша жағдайды талқыладық, енді қысқаша қалған екі сегментке тоқтала кетейік.

Ақылы қызметтер бойынша біздің күмәнді түрде “көшбасшы” болуымызға, көбінесе, ТКШ тарифтерін реформалау себеп болып отыр, бірақ тек бұл ғана емес. Сонымен қатар теміржол көлігі қызметтерінің қымбаттауы бойынша (Қазақстанда желтоқсаннан желтоқсанға дейін – 24,9%, ЕАЭО бойынша – 12,1%) және байланыс қызметтері бойынша (бізде — 16,8%, одақта орта есеппен — 8,1%) айтарлықтай айырмашылық бар.

Есесіне, азық-түлік бойынша жағдай салыстырмалы түрде жақсырақ. ЕЭК қарастырған тауарлар бойынша қымбаттау біздің елімізде басқа елдерге қарағанда баяуырақ жүрген. Тіпті Қазақстанда бағасы едәуір өскен картоптың қымбаттауы (37,7%-ға) басқа елдерге қарағанда біршама баяу: мысалға, РФ-да бұл өнім бір жылда екі есе қымбаттаған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…