Ресей мен Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот аштырып жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Оның ішінде 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған. Нәтижесінде, көрсетілген мемлекеттердің Қазақстан Республикасының банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті.
Ресей Федерациясының резидент – заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Ағымдағы жылғы ақпанның соңынан бері банк шоттары 7 Ресей компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті»,– деп жазды ведомство.
ПІКІР ЖАЗУ