Танымал әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үшінші рет үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
«Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша дұрыс өмір сүруге құқылы. Дұрыс, бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды! Маған бақыт тілеп жазып жатқандар қаншама. Рахмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім. Мен болған іске рахмет айтамын. Құдайдың жоспары біздікінен де күшті», — деді ол.
Бұдан бөлек, Жаханның бетін жауып алған әйелін Балжан деп ойлап қалғандар да бар екен.
«Олай ойлайтындарыңыды білгенде инстаграмға кірмей интрига жасамадық па? Әзірге айтарым осы. Бірақ жалпы өзім іштей бір салмақты сұхбатқа дайындалып жүрмін. Әзірге кімге сұхбат беретінім белгісіз», — деп түйіндеді әнші.
ПІКІР ЖАЗУ