Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 5 сәуірде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ресурсы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Күн тәртібінде:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған болжамын және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау;

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.