Қазақстанда уран өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы ресейлік «Росатомның» елдегі кей уран кен орнындағы үлесін Қытай компанияларына сатып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Азаттық Радиосына сілтеп.
«Росатомның» «Ураниум Уан Груп» деген еншілес компаниясы Түркістан облысындағы «Заречное» кен орнындағы 49,979 пайыз үлесін SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясына сатқан. Оның түпкі бенефициары – Қытайдағы ядролық уран ресурстарын дамыту жөніндегі мемлекеттік компания.
Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамы Қызылорда облысындағы Солтүстік Хорасанда кен өндіретін «Хорасан-U» бірлескен уран кәсіпорнындағы 30 пайыз үлесін China Uranium Development Company Limited компаниясына сатпақ деді. Оның түпкі бенефициары – Қытайдың атом энергиясы жөніндегі бас корпорация.
«Қазатомөнеркәсіп» мәліметінше, 2024 жылдың басында «Заречное» кен орнындағы уран қоры шамамен 3,5 мың тонна болған.
«Хорасан-U» бірлескен кәсіпорны Жаңақорған ауданындағы «Хорасан-1» учаскесінде уран өндіреді. Биыл жыл басында бұл кен орнындағы уран қоры шамамен 33 мың тонна болған.
ПІКІР ЖАЗУ