Алғаш рет адам геномы толық анықталды. Америкалық ғалымдар атқарылған жұмыстың нәтижесі қартаю мен рак, ишемия, ақылдың кемдігі сияқты аурулардың түпкі себебін жақсы түсінуге мүмкіндік беретіндігін айтады, деп хабарлайды «ozgeris.info» «24.kz»-ке сілтеме жасап.
ДНҚ құрылысы мен қызметін зерделеуге бағытталған бұл іс 20 жыл бұрын басталған. Жаңаша және барынша сенімді түрде зерттеу жаңа технологиялардың көмегімен іске асқан.
– Білесіздер ме? Бұл бір ғана адамның геномы. Ол – еуропалық. Осы жерде сонда ол жер бетіндегі барлық адамзаттың геномын бере ала ма деген сұрақ туады. Оған «иә» деп жауап беруге болады. Мұндай тұжырым медицинадағы зерттеулеріміз үшін маңызды, — деді генетик Раджив Маккой.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ