Марқұм Шерзат Полаттың отбасы Талғар маңынан өлі табылған туысы Нұрғанат Ғайыпбаевтың «өзіне өзі қол салғанына» сенбейді. Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісін қалай тапқанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол ТикТок әлеуметтік желісіне видео жүктеп айтты.
Видеода Қаржаубай Нұрымов інісін қай жерден қалай тауып алғанын нақтылап айтқан. Оның айтуынша, інісі машинасын қойып, жаяу ұзақ километр жүрген. Артынша талға асылып қалған. Мойнында жіп болды дейді. Бірақ мойнындағы жарақат тек бір жағында дейді.
Қаржаубай Нұрымов інісін нақты суицид жасады деп айтпады. Оқырмандарына видеоның соңын сұрақпен аяқтады.
“Машинасын айдалаға қойып, қалайша алыс жерге жаяу жүреді? Неге бұндай іске барады?”,- деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ