«Оқу жылы ұзартылады»: министрлік тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылы ұзарады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Әлеуметтік мессенджерлерде оқу жылы ұзарады деген ақпарат тарап жатыр. Министрлік бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтыны ресми түрде мәлімдейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында оқу жылын, оқу жүктемесін ұзарту немесе қысқарту мәселесі қарастырылмаған. Құрметті қазақстандықтар сіздерді тек ресми ақпаратқа сенуге және провакацияға ермеуге шақырамыз, — деп жазылған хабарламада.

Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес 2024–2025 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды және 25 мамырда аяқталады, — деп жазылған хабарламада.