TikTok желісінде «Академик» деген атпен жалпақ жұртқа танымал азаматты діндарлар соққыға жыққан, — деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы ол abdulla_kzkz инстаграм парақшасында мәлім етті.
«Армысыздар, қазақтар! Қалдарыңыз қалай? «Алла жоқ» дегенім үшін мені азаматтар ұрып-соғып, тепкілеп осындай жағдайға жеткізді. Құрметті қазақтар, сақ болыңыздар, аман болыңыздар. Құзырлы органдарға алдағы уақытта шағымданайын деп отырмын», — деді ол.
Желі қолданушылары діншілдердің бұл әрекетіне жаппай қарсы шығып, пікір қалдырды.
«Сене ме, сенбей ме өз еркі ғой. Нелерің бар?», «Осы атеистерді неге ешкім ұрмайды?», «Біз Иран мен Ауғанстанға айналып бара жатқан сияқтымыз», «Сонда имандылардың ісі осы болғаны ма?», — деп жазды олар.
ПІКІР ЖАЗУ