Алматы маңында мектепке таситын көлік баланы басып өлтірді

Фото: видеодан скрин

Алматы облысының Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«27 қарашада Іргелі селосы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрағында JAC автобусының жүргізушісі артқа қарай жүріп келе жатып, 7 жасар баланы басып кетті. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты», — делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.