Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында қыздарға және ұлдарға бөлек-бөлек тәрбие беретін жазғы жеке лагерінде не оқытатынын айтты.
«Мен ол жерде дінді айтпаймын. Дін жеке басымның шаруасы. Ата-ананы сыйлау жөнінде, тарихи хикаялар, ғибрат әңгімелер айтамын. Оларға дін айтып, басын қатырмаймын, кішкентай балалар ғой олар», — деді депутат.
Сонымен қатар,ол депутат болған кезеңде де жазғы лагерінің жұмысын тоқтатпағанын жеткізді.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Ардақ Назаров жазғы лагерінде дін үйрете ме» деген секілді пікірлер жазған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ