“Қыз болса, ешкім қарамайтын еді”. Еркебұлан Тоқтар әйел болып киінді

Бейнеден кадр
Осыған дейін октагонда күресіп, фильмдерге түсіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген танымал актер Еркебұлан Тоқтар бұл жолы елді елең еткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әртіс желіде әйел бейнесінде пайда болып, қалың жұртшылықтың таңданысын туғызды. Алайда оның жаңа образына қатысты пікірлер әртүрлі болды. Бірі бұл қадамды әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі сынға алды.

«Қыз болса, ешкім қарамайтын сияқты», – деп жазды бір қолданушы.

«Ереке, бұл қате болды», – деп пікір қалдырды тағы бірі.

«Дауренге жетпейді, Чивиляя болды ғой», – деген де әзіл-шыны аралас жазбалар кездесті.

Актер бұл образды қандай мақсатпен таңдағаны әзірге белгісіз. Бірақ әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында үлкен резонанс тудырғаны анық.

Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар бұған дейін өзінің шығармашылық жобаларымен ел назарын жиі аударып жүрген өнер иесі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)