Алматыда адамдар аспалы жолда тұрып қалды (ВИДЕО)

Instagram/almaty_tjd

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында өткен құтқару операциясының әсерлі сәттерін жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жаттығу жоспары бойынша, электр энергиясы апатты түрде үзілгендіктен, канат жолы жұмысын тоқтатып, фуникулерлерде адамдар тұрып қалған. Осы жағдайға байланысты Алматы ТЖД қызметкерлері эвакуация операциясын өткізді.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығуға барлығы 260 адам мен 77 техника жұмылдырылды.

«Жаттығу жоспарына сәйкес, электр қуаты үзілген кезде канат жолы тоқтап қалды. Біз фуникулерде қалған адамдарды құтқару бойынша жұмыстарды жүргіздік», — деді Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)