«Павлодарда педофил көбейген»: Өңірде төтенше жағдай жариялау ұсынылды

Фото: Pixabay.com

Оңғар Қабден Павлодар облысында педофилизмге байланысты төтенше жағдай жариялау керектігін айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Бұл туралы ол ongar_online телеграм арнасында жазды.

Облыстағы Майқайың кентінде он бес және он алты жастағы ағасы мен қарындасын зорлаған екі педофил қамауға алғанын бағана республикалық БАҚ жарыса жазып жатыр еді. Жаңа ғана Железинка ауданынан сұмдық хабар келді. Балалар Үйінде жоспарлы медициналық гинекологиялық тексеру барысында он алты жастағы қыз өзін он жасынан бастап қамқорлыққа алған адам зорлап келе жатқанын мойындайды. Полиция орманшы болып істейтін күдіктінің үйіне барғанда аңшы мылтығымен өзін өзі бастан атып сол жерде көз жұмған. Оқиғаны полиция растады. Марқұм бұл қыздан басқа төрт бала асырап алған, жалпы саны бес бала деген ақпараттар шығып жатыр. Қазір тергеу жүруде, — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Майқайыңда екі ер адам 13 және 15 жастағы екі баланы зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабар тарады.