Желіде Ресейлік әйгілі географ Семенов-Тян-Шанскийдің 1903 жылы жарық көрген «Россия. Полное географическое описание нашего отечества: Киргизский край» атты кітабында қазақ руларының орташа бойы туралы дерек табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кітапта қазақ ер адамның суреті, қазақ руларының орташа бойы, және бас пен беттің биіктігі жазылған. Қазақтардың бойларын антрополог Алексей Харузин өлшеген.
Қырғыз-казактардың физикалық типінің төмендегі сипаттамасында сандық деректер белгілі бір тайпаларға жатқызылған және өңірдің барлық қырғыз-казактарына жалпылауға болмайды.
Тұрғылықты түркілердің бойы орташадан жоғары деп есептеледі. Жекелеген халықтар үшін сандар мынадай. Бөкей ордасы үшін — 162см, Кіші жүз үшін — 166см. Орта жүз қырғыздары — 164, оның ішінде Мұрын руы — 161 см, Найман — 164 см, Байжігіт — 164 және Керей — 168 см. Осылайша, ортадан жоғары боймен (165-170 см) қатар ортадан төмен (160-165 см) бойлы тайпалар да бар. Қырғыз-казактардың орташа бойы 164 см.
ПІКІР ЖАЗУ