Ертең таңда атақты Тайсон мен жас блогер АҚШ-та бокстасады, деп жазады ozgeris.info.
Арлингтон қаласында өтетін жекпе-жекте блогер Джейк Пол «темір Тайсонның» қарсыласы атанбақ.
Салмақ өлшеу рәсімінде Майктың Джейктен жарты келі ғана ауыр екені белгілі болды. Ал, «көз атысуда» атақты боксшы блогер қарсыласын шапалақпен тартып жіберген.
Тайсонның «Әңгіме осымен бітті» деген сөзіне Джейк:
Ол мені қатын секілді ұрды, енді бұл – менің жеке мәселем! Ол өлу керек, – деп жауап берген.
58 жастағы боксшының жекпе-жегі сегіз раундқа жоспарланып отыр. Кездесу қорытындысы екеуінің де кәсіби бокстағы есебіне жазылмақ.
Еске салайық, «темір Тайсон» соңғы кәсіби боксын осыдан 19 жыл бұрын өткізген еді. Ол мансабында 58 жекпе-жек өткізсе, оның 50-інде жеңген. Ал, Джейк Пол кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ында қарсыласынан басым түскен.
ПІКІР ЖАЗУ