Барменқұловтың орнына Футбол федерациясына кім келеді – Министр жауап берді

Фото: instagram.com/kff_team

Бұл туралы министр Ербол Мырзабосынов айтты, деп жазады ozgeris.info.

Ведомство басшысы, мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді. Онда футбол федерациясының жаңа президентін сайлау мерзімі де айтылды.

«Футбол федерациясы – өзінің атқарушы комитеті бар қоғамдық бірлестік. Әзірге, тиісті процедуралар атқарылып жатыр және кім келетіні белгісіз. Қалай болғанда да, барлық үміткерге толық талдау жасалады. Бір айдан кейін қорытынды конференция өтіп, онда кандидаттар жарияланады. Оның мүшелігіндегі барлық аймақ жаңа президентті сайлайды. Біз де үміткерді таңдауға қатысамыз», – деді Е.Мырзабосынов.

Сонымен қатар, Туризм және спорт министрі Әділет Барменқұлов федерация президенттігінен өз еркімен кеткенін, сондықтан оған ешқандай қарсылық таныта алмағанын жеткізді.

Бұған дейін қоғам тарапынан федерация басшылығына лайық деп танылған бірнеше азамат әлеуметтік желіде президенттікке кандидат болмайтыны туралы жазба жариялаған болатын.