Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм болған өнерлі жұп Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Өнер иесі марқұмдарға көзінің тірісінде берген уәдесін орындағанын айтты.
“Жүрегім парша-парша болып кетті. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. “Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем” деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол!
Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!”, – деп жазды әнші.
ПІКІР ЖАЗУ