Шұбаркөл стансасында вагондар рельстен шығып кетті

Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазақстан теміржолы мәліметінше, бүгін сағат 03.45 шамасында Шұбаркөл станциясының «Шұбаркөл Көмір» АҚ жеке кірме жолында 3 жүк вагоны рельстен шығып кетті.

Құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі. Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.