Ақтау қаласы әкімдігі аналарға маникюр жасауға қажетті құрал-жабдықтар алып берген. Әзірге бұл қолдауға қанша қаражат жұмсалғаны белгісіз, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жуырда Ақтауда 40-қа жуық көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға тырнақ күтімі бойынша тегін шеберлік сағаты өткізілген. Бұл шараны «Мейірімді ана» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Оған әкімдік қолдау көрсетіпті.
— Әкімдік оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Шеберлік сағаты «Жанұя» орталығында өткізілді. Ал аналарға маникюрді арнайы кәсіби мамандар үйретті. Бұл өз кезегінде аналардың үй жағдайында табыс табуына берілген үлкен мүмкіндік деп білемін, — дейді «Мейірімді ана» қоғамдық қорының директоры Динара Көктаубай.
Екі апталық шеберлік сағатына қатысқан аналарға сертификаттар да табысталған.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ